2017 жылғы 27-30 наурыз аралығында Астана қаласында
«БАҚЫТТЫ ЖҰЛДЫЗ АСТЫНДА: БІЗГЕ ЖАҢА ӘЛЕМДЕ ТҰРУ ҚАЖЕТ» атты ХІІІ Халықаралық
БАҚ балалар мен жастар арасындағы медиафестиваль өтті. Ұйымдастырушылары: «Нұр
Отан» партиясы және ҚР БжәнеҒМ балалар құқықтарын қорғау бойынша Комитетінің
ұйымдастырушылық-идеялогиялық қолдауымен
Л.Н.Гумилев атындағы ЕМУ политология және журналистика факультетімен бірлесе
отырып «Жұлдыз» БҚҰБ өткізді. Есіл ауданының атынан № 3 орта
мектебінің оқушысы, Жасөспірімдер шығармашылық үйінің жас тілшілерінің құрамына
енетін Алмас Жангүл бақ сынасты. 27
наурыз күні «ХХІ ғасырдың балалар ақпарат кеңестігі» көрмесі, ал 28 наурыз
күні «Қазақстанның жастар саясатының
маңызды мәселелері» атты брифинг «Нұр Отан» ОӘП өтсе, ал 29 наурыз күні ҚР «ҚазМедиаОрталығы»
АҚ саяхат ұйымдастырылды. Сонымен қатар шебер сыныптары мен байқаулар
өткізілді. Алмас Жангүл «Радиобағдарлама», «Бейнерепортаж» және
«Ғаламтор-ресурстар» атты номинациялар бойынша сырттай байқауларға қатысқаны
үшін ІІ дәрежелі дипломдармен және «БАҚЫТТЫ ЖҰЛДЫЗ АСТЫНДА: БІЗГЕ ЖАҢА ӘЛЕМДЕ ТҰРУ ҚАЖЕТ» атты
ХІІІ Халықаралық БАҚ балалар мен жастар арасындағы медиафестиваліне қатысқаны
үшін мақтау қағазымен марапатталды. Жобаға қатысу үшін білім беру бөлімінің
басшысы Н.Саматов қолдау көрсетті.