«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының  балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества города Есиль отдела образовании по  Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз өмір, жарқын болашақ!»

19.10.2026

2026 жылғы 16 қазанда Есіл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Есіл ауданы бойынша білім бөлімімен бірлесіп, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Заң мен тәртіп – қауіпсіз өмір, жарқын болашақ» атты аудандық театрландырылған фестиваль-байқауы өтті.

Іс-шараға Есіл ауданының 14 жалпы білім беретін мектебінің үгіт бригадалары қатысып, заңдарды сақтауға, құқықтық мәдениетке және әр адамның өз іс-әрекеті үшін жауапкершілігіне арналған театрландырылған қойылымдар ұсынды.

Фестивальдің құрметті қонақтары Есіл ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Фазилов Данияр Канатович, ювеналды полиция тобының инспекторы Шаймерден Руслан М., Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Байтурсунова Анар Актановна болды, олар жеңімпаздарды естелік сыйлықтармен марапаттады.

Фестиваль барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, актерлік шеберліктерін және театр өнері арқылы маңызды әлеуметтік тақырыптарды аша білу қабілеттерін көрсетті. Оқушылар өз қойылымдарында заңнаманы сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеу және белгіленген ережелерді сақтау қажеттілігі мәселелерін көтерді.

Байқау жеңімпаздары: 1-орын – С. Серіков атындағы мектептің «ДЕС» командасы, 2-орын – Есіл қаласының №3 мектебінің «Жас Өркен» және Есіл қаласының №2 мектебінің «Сұңқар» үгіт бригадалары, 3-орын – Знаменка ауылы мектебінің «Правовой дозор», «Фемида KZ» командалары атанды.

Просмотров: 101


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст