2017 жылғы қыркүйек айында Жасөспірімдер шығармашылық үйінде үйірмелермен жұмыс үшін «Атамекен» атты жаңа бағыт ашылды. Атамекен - бұл эностардың, ғасырлық халық тәжірибесімен жинақталған білім беру мен тәрбиенің озық идеяларының негізінде қалыптасқан ғылыми-этнопедагогикалық тұжырымдама. Ол өскелең ұрпаққа кешендік тәрбиелеу жолымен жалпыадамдық құндылықтарды, рухани-материалдық және ұлттық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Жобаның негізгі мақсаты: ҚР Заңдарын, Атазаңын, ҚР Президентін, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық салт-дәстүрлерін, халық пен мемлекеттің мәдениетін, тарихын құрметтеу, қоғамға пайдасын тигізетін жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Осыған орай, Ковыльный ОМ базасында филиал ашылды. Жетекшісі – Г.Н.Сабурова. Жас өлкетанушылар біздің өлкеміздің мақтанышы, ең бірінші, еңбек ардагерлері деп есептейді. Мұғалімдер күні қарсанында тәрбиеленушілер Ковыльный ОМ базасында мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға дайындық барысында үйірмешілер ардагер - мұғалімдер туралы фотосуреттер мен өмірбаяндық материалдар жинақтау бойынша жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, олардың өмірлері туралы слайд-фильм құрастырды. Тарихи сабақтуралы естелік ретінде балалар өз қолдарымен жасаған ашық хаттар берді.