«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының  балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества города Есиль отдела образовании по  Есильскому району управления образования Акмолинской области"

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.10.2017

Салауатты өмір салты – бұл өзіне, қоршаған адамдарға, сөздерге, заттарға деген салауатты қарым-қатынас! Осындай қарым-қатынасты қалыптастыру – ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінің санпосттар үгіт бригадаларының негізгі мақсаты. Жастар мен парасат аттарынан жоба қатысушылары жаһан тұрғындарының арасында өз денсаулықтарына, қоршаған орта адамдарының денсаулықтарына немқұрай адамдар болмауы керектігін айтты.  2017 жылғы 10 қазан күні Жасөспірімдер шығармашылық үйінде «Рухани жаңғыру» аясында «Біз өмірді қалаймыз!» атты аудандық үгіт бригадаларының арасында байқау болып өтті. Байқаудың өтуіне Есіл ауданының жастар ресурстық орталығы қолдау көрсетті. Байқау өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз денсаулығына және жан-жағындағы адамдардың денсаулығына зерделі көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған. Жобаға ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінен 12 команда қатысты. Командалар өз жұмыстарын СӨС жобасы бойынша бейне тұсау кесер ретінде назарға ұсынды, сонымен қатар, позитивті үгіт өнерлерін ортаға салды. Іс-шара қорытындысы бойынша І-ші орынды 37 лет Октября ОМ үгіт бригадасы иеленді. ІІ-ші орынды Свободненская ОМ үгіт бригадасы алса, ІІІ-ші орынды Аксайская ОМ үгіт бригадасы еншісіне салды. Есіл ауданының ЖРО жетекшісі жеңімпаздаға мақтау қағаздармен және бағалы  сыйлықтармен марапаттады. 

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст