Күзгі суық та түсіп қалды, ал ол жақсы
көңіл-күй және әзілмен жылу қажеттігін айтады. Есіл аудандық КВН лигасы барлық
халық үшін өз есіктерін айқара ашты. Жастар ресурстық орталығының қолдауымен
Жасөспірімдер шығармашылық үйі бірнеше жыл бойы Есіл қаласының, ауданының
тұрғындарына дарынды КВН ойыншыларының дәстүрлі турнирін ұйымдастырып келеді.
2017 жылғы 04 қараша күні Руслан Дюсенов лига үйлестірушісі аудандық КВН
лигасының іріктеу турнирін өткізді. Ойын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының
аясында «Шексіз достық» атауымен өтті. Биылғы жылы ойын аймақтық деңгейде өтті,
өйткені ойынға Атбасар қ. командасы да қатысты. Бізідің өмірімізде жарқын және
ұмытылмас кездерді есімізде қалдыратын ойындар қанша өтті... Балалар үшін КВН
деген не? Бірінші кезекте бос уақыттарын сауатты өткізу, сонымен қатар біздің
мемлекетіміздің қоғамдық, мәдени, ұлттық өміріне өз үлестерін қосу. С.А.Гахов
төрағалық еткен келесі құрамдағы қазылар алқасы көшбасшыларды анықтады: Е.Ж.
Нуртазин, Д.Г.Хангишиева, С.А. Калашникова, Александжр Масляков Нягоньский
ресми лигасының финалға қатысушысы – Троценко. Орындар төмендегідей: бірінші
орында - «Әлем индиго» командасы (Атбасар қ.) және «Нарисуй мосты» (БШҮ).
Екінші орында: « Парламент» (№3 ОМ), 3 орынды «Бастапаста» (БШҮ). Барлық командалар жартылай финалға жолдама алды.