2017 жылғы 19 қараша күні біздің мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласында IV халықаралық көпжанрлы байқау – «Еуразия жұлдызлары» Халықаралық жоба аясында өткізілген «Туып келе жатқан жұлдыз» балалар шығармашылығының байқауы өтті. Бауқауға Жасөспірімдер шығармашылық үйінің екі ұжымы қатысты: сән тетры мен «Бибірайлым» би ұжымы. А.Мұқанова жетекшілік еткен жас сәншілер шеберлікпен, стиль ұстамдылығымен, авторлық шешімділігімен, коллекция киімі бүтінділігімен көзге түсіп 1 орынды жеңіп алды. Ал жас бишілер орындаушылық шеберлікпен, номерлердің композициялық құрылымымен, шығармашылық бейнелерді беруімен ерекшеленіп, А.Поплавская жетекшілік еткен «Бибірайлым» би ұжымы да 1 орынды жеңіп алды. Жасөспірімдер шғармашылық үйінің жас дарындағы тағы да Есіл ауданының намысын үлкен абыроймен қорғады. Құттықтаймыз!