2017 жылдың 23 желтоқсанында Есіл агротехникалық колледжінің базасында «Здравствуй юмор, Новый год!» музыкалық Көңілділер мен Тапқырлар Клубының фестивалі өтті. Жастар ресурстық орталығының қолдауымен аудандық лига үйлестірушісі Р. Дюсенов тұлғасында іс-шараны Жасөспірімдер шығармашылық үйі өткізді. Жобаның негізгі мақсаты: Жастар ортасында адамгершілік және рухани құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың шығармашылық белсенділігі мен өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Конкурстық бағдарлама Есіл ауданы әкімінің кубогын а өткізілді. Іс-шараға аудандық Көңілділер мен Тапқырлар Клубы лигасының 5 командасы қатысты. Олар көрермендер назарына жаңажылдық тақырыпқа сәлемдеме ұсынды. Қазылар алқасы құрамына енген ЖРО жетекшісінің м.а. Е.Нуртазин, Балалар музыкалық мектебі директорының оқу бөлімі бойынша орынбасары Г.Пучкова, Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Кекенова, білім беру бөлімінің әдіскері А.Гордя, № 7 АТК музыкалық жетекшісі Е.Полтавец байқауды төмендегідей қорытындылады: 1 орын – «Парламент» командасы (Есіл қ. №3 ОМ), 2 орын – «Нарисуй мосты» командасы (Жасөспірімдер шығармашылық үйі), 3орын - «Баста-паста» командасы (Жасөспірімдер шығармашылық үйі). Ерекше жетістіктері үшін: «Шпана» командасы (Свободный ОМ), «Тронутые временем» командасы(С.Серіков атындағы ОМ).