2018 жылдың 18 қаңтарында Жастар шығармашылығы үйінде Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына арналған : «Төртінші
индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек
үстел өтті, онда қосымша білім беру оқытушылары мен техникалық қызметкерлер қатысты.
Жастар шығармашылық үйінің директоры
Д.К. Әлжанова баяндама мен түсініктеме берді,өз сөзінде Дәметжан Қамитқызы
ағымдағы жылы ел дамуының негізгі бағыттарымен танысты, он маңызды міндеттерді
белгіледі. Бүкіл әлем жаңа индустриалды революция дәуірінде өмір
сүргендіктен, заманауи технологиялар әлемді өзгертіп жатыр. Сондықтан жаһандық
технологиялық ығысу еліміз үшін жаңа өсу мүмкіндігін береді.
Содан кейін ЖШҮ әдіскері Л.В.Сизова білім беру бағдарламаларының үнемі
бейімделу қабілетін дамытатың негізгі
басымдықтары туралы әңгімелеп берді. Қосымша білім беруде техникалық
бағытқа баса назар аударылады: балаларға арналған технопарктер мен
бизнес-инкубаторлар құру, барлық қажетті инфрақұрылыммен, соның ішінде
компьютерлер, зертханалар, 3D принтерлермен. ЖШҮ ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев анықтаған он бағытта іске асырылуына қатысты міндеттерді қолдады, бұл
біздің мемлекетіміз экономиканың барлық салаларында жоғары өсу қарқынын
қамтамасыз етуге және әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына кіруге
мүмкіндік береді.