«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества города Есиль отдела образовании по Есильскому району управления образования Акмолинской области"
14.02.2018
Жасөспірімдер шығармашылық үйінде 2018 жылғы 12 ақпан күні «Magic Solo Dance» аудандық би байқауы болып өтті. Аталмыш байқауға Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 19 жас бишілері қатысты. Балалар мен жастарды, соның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балаларды әлеуметтік және шығармашылық жағынан өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастыру. Байқау Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында өткізілді. Қатысушылар Қазақстан халықтары ұлттық мәдениетінің дәстүрлерін ескере отырып, жеке билердің кең спектрін ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы орындарды төмендегідей бөлді: Жоғарғы буын санатында Гран при Романовская Екатеринаға ( Красивый ОМ), 1-ші орын- Морева Анастасияға ( Есіл балалар үйі), 2- ші орын - «Инь- янь» би дуэтіне (№1 ОМ), 3-ші орын Исламова Татьянаға ( Комсомол ОМ) және Кокарева Маргаритаға ( Свободный ОМ) бұйырды. Жоғарғы буын санатында Гран при Откельбаева Асылзадаға ( Свободный ОМ), 1- ші орын - Байбасунова Дильназға (Красивый ОМ), 2- ші орын - Попов Иванға (Комсомол ОМ), 3- ші орын - Мудрик Маринаға ( Комсомол ОМ) және Беркімбаева Толғанайға (Дальный ОМ) берілді.