2020 жылдың 22 қазанында Жастар шығармашылығы үйі «Біз өмірді таңдаймыз» атты үгіт-насихат топтарының аудандық қашықтық байқауын ұйымдастырды, оған Есіл ауданының 11 орта мектебі қатысты. Үгіт топтары балалардың қойылымдарына шығармашылық тұрғыдан қарады: көптеген қатысушылар өз материалдарын әлеуметтік ролик түрінде түсірді. Қойылымдардың қорытындысы бойынша 1 орынды «Өмір аймағы» үгіт бригадасы (№2 орта мектеп), 2 орынды «Жастар» үгіт бригадасы (Юбилейный орта мектебі), екі үшінші орынды «Болашақ» үгіт бригадасы (№1 орта мектеп) және «Жастар салауатты өмір салты үшін» (Ақсай орта мектебі) иеленді. Орловка орта мектебі, Двуреченый орта мектебі, Красивый орта мектебі, С.Серіков атындағы орта мектебі, Заречный орта мектебі, Ковыльный орта мектебі, №3 орта мектебі байқауға барлық жауапкершілік пен түсіністікпен қарады.