Текст
2020 жылдың 9 қазанында Жастар шығармашылық үйі мүгедектер күніне арналған «Балаларға күлкі сыйла!» vерекелік бағдарламасын өткізуге белсенді қатысты. Балаларға арналған концерттік бағдарламаны А.Ж.Бердіғұлованың жетекшілігімен «Вокал» үйірмесінің тәрбиеленушілері дайындады. ЖШҮ-нің мәдениет ұйымдастырушы Дюсенов Р.С. көңілді позитивті музыканы таңдауымен айналысып, жарқын эмоция сыйлады. Шығармашылық үйінің ОТБ орынбасары Л.В.Сизова балаларды құттықтап, оларға барлық армандарының орындалуын тіледі!