«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының  балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества города Есиль отдела образовании по  Есильскому району управления образования Акмолинской области"

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Променад- шоу 2018

02.03.2018

2018 жылғы 21 ақпан күні Жасөспірімдер шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде «Променад- шоу 2018» би байқауы болып өтті. Мерекелік байқаудың жас бишілері мен қонақтары таланттың керемет әдемі шоуының куәгерлері болды. Жобаға ауданымыздың 26 жалпы білім беретін мектептерінің 26 ұжымы қатысып, өздерінің би шеберліктерін паш етті. Байқаудың басты мақсаты: көркемдік деңгейін және би топтарының біліктілігін көтеру, талантты жастарды ынталандыру және балалар өздерінің бос уақыттарын пайдамен өткізуге тарту. Жобаға қатысушылар Есіл ауданы әкімінің орынбасары Достанбек Берікұлы Есжанов байқау қатысушыларына өзінің жылы лебізін білдіріп, шығармашылық жеңістеріне жететіндіктеріне тілектестік білдірді. Жас бишілерді қолдау мақсатында Есіл ауданының білім беру бөлімі және Есіл қаласының жеке кәіпкерлері медальдар және кубоктармен ынталандырды. «Заманауи би» номинациясында кіші жас санатында Гран при мен 1-ші орынды Есіл қ.№2 ОМ «Очарование» би ұжымы жеңіп алды. Орта жас санатында «Айгөлек» (Свободный ОМ), «Индиго» ( №1 ОМ), «Очарование» (№ 2 ОМ), ал жоғарғы жас санатында «Очарование» ( СШ №2), « Эксклюзив» ( Свободный ОМ), «Бибіраушан» (№3 ОМ), « Еvolutuon» (Қазанның 37 жылдығы ат.ОМ) жеңістерге ие болды. «Халық биі» номинациясында «Звезды» (Комсомол ОМ), «Очарование (№2 ОМ), «Шабыт» (СШ №3) және « Диамант» (Заречный ОМ) көзге түсіп, жүлделі болды.

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст