14 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде "New Star" аудандық вокал байқауы өтті, оның ұйымдастырушысы Есіл қаласының «Балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығы» болып табылады. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Балалар жылы аясында жоспарланып, ҚР Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылды.Байқаудың негізгі мақсаты-жас таланттарды таныстыру, жас вокалистерді көпшілікке таныту болып табылады.
Конкурсқа қатысуға 60-тан астам балалар мен жасөспірімдер өтінім берді, алайда 2-ші турға тек 30 жас орындаушы өтті.
Музыканың үйлесімділігіне толы байқаудың патриоттық бағдарламасы қатысушыларға үздік отандық музыкалық шығармалармен байланысуға мүмкіндік берді. Байқау қорытындысы бойынша кіші жас санатында қазылар алқасы бірінші орынды Жұмабай Нұрсұлтанға (№3 негізгі мектеп), екінші орынды Әлиев Исламға ( Ақсай негізгі мектебі ), үшінші орынды Қуатжан Дарина ( балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығы) иеленді.
Орта жас санатында: бірінші орын - Қуатжан Аяулым ( балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ), екінші орын - Мұхтар Сәбира ( балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы), 3 орын-Хрипун Вера ( Заречный негізгі мектебі )иеленді. Үлкендердің арасында 1-ші орын: Марат Абылайхан (№3 негізгі мектеп ), Кенжекара Әйгерім (№3 негізгі мектеп ), 2-ші орын: Сипко Снежана ( Знаменская негізгі мектебі ), Гришенкова Виктория ( Ковыльный негізгі мектебі ). 3-ші орында Халым Жалғас (Қаракөл негізгі мектебі ) иеленді.