«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының  балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества города Есиль отдела образовании по  Есильскому району управления образования Акмолинской области"

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастар дауысы

10.12.2019

Желтоқсанның 6 – шы жұлдызында Жасөспірімдер шығармашылық үйінде Қазақстан Републикасының Тәуелсіздік күніне арналған аудандық «Жастар дауысы» атты вокалдық байқау болып өтті. Аталмыш байқауға ауданымыздың әнмен және әдемі әуенмен шабыттанған балалары мен жасөспірімдері қатысты. Ауданымыздың 12 жалпы білім беретін мектептерінің жас орындаушылары Отан туралы, отанымыздың керемет сұлулығы туралы ән шырқады. Байқау үш жас санаты бойынша жүргізілді. Кіші топта Гран Приді  Шатило Дарья (Зареченый ОМ) иеленсе, орта топта Гран приді Мереке Толғанай (№ 3 ОМ) өз еншісіне салды. Сондай – ақ осы  категорияда 1 орынды № 3 ОМ оқушысы Кенжеқара Әйгерім ұтты. Ал, жоғарғы санаттағы Гран Приді № 3 ОМ оқушысы Еркін Бектөре жеңді. 1 – ші орын  Бақыт Қайырбекке (Свободный ОМ) бұйырды.  Аудандық білім беру бөлімінің атынан Д.Хангишиева жеңімпаздарды бағалы сыйлықтермен марапаттады.

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст