Балалар мен үлкендердің салауатты өмір салтын ұстануы бүкіл әлем елдерінде басымдыққа ие. Себебі, кез келген елге шығармашыл, үйлесімді дамыған, белсенді және дені сау тұлғалар керек. Қарқынды дамыған қоғамның қазіргі кезеңінде балалар денсаулығының нашарлау үрдісі белең алып келеді. Мектеп жасы – бұл салауатты өмір салтын ұстану бойынша негізгі дағдыларды, жақсы әдеттерді қалыптастыратын қолайлы кезең.
Жастардың үгіт – насихат тобы – еріктілер қозғалысы жұмысының бір нысаны. 2019 жылдың 23 қазанында Жасөспірімдер шығармашылығы үйінде, «Біз өмірді таңдаймыз!» атты үгіт – насихат топтарының аудандық конкурсы ұйымдастырылып өкізілді. Конкурсқа Есіл ауданының 16 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. Балалардың сахналаған көріністері жаман әдеттерден бойды аулақ ұстауды және салауатты өмір салтын тек балалар ғана емес, үлкендер де жақсы әдетке айналдыру қажеттігін насихаттады. Конкурс нәтижесінде, «Жастар» (Юбилейный ОМ), « Жастар СӨС үшін» ( Ақсай ОМ), «NEXT» ( Свободный ОМ), Орловка ОМ, « Зона жизни» (№2 ОМ), «Время быть здоровым» (С. Серіков ат. ОМ), « Здоровая жизнь» ( Красивый ОМ), « Жизнь» ( Бұзылық ОМ) үгіт-насихат топтары жүлделі орындар иеленіп, жоба үздіктері атанды.