2019 жылғы 16 тамыз күні «Есіл ауданының білім беру бөлімі» ММ «Жасөспірімдер шығармашылық үйі» КММ бірлесе отырып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысымен барлық салалар мен аудан, ауылдарды мейілінше кең қамту мақсатында өңірде арнайы іс-шаралар жоспары аясында 8-10 сынып оқушылары арасында Есіл ауданы әкімі аппараты мамандары – мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысы Ж.Аманжоловпен және Есіл ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Теміртасовпен кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш тақырып сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. Қазіргі әлемде қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне тікелей әсер ететін қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі - сыбайлас жемқорлық. Жастар бұл зұлыммен күресуі керек.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - моральдық категория , осы қасиетті бала кезден бастап сіңіру керек. Есіл ауданы әкімі аппаратының мамандары балалар алдын сөз сөйлеп, төмендегі тақырыптарға әңгіме жүргізді: «Сыбайлас жемқорлық деген не?», «Егерде сіз жемқорлық фактісын білсеңіз№ не істер едіңіз?», «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік», «Ақмола – адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе сұрақтарымен таныстырды
Мемлекеттік органдар мен мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқықтық білімі мен дайындығы, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мінез-құлықты қалыптастырудағы қоғамдық бірлестіктердің рөлі қарастырылады.
Осы іс-шара аясында кәмелетке толмағандар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын-алу туралы әңгіме өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз»
би флэш-мобы
2019 жылғы 16 тамыз күні «Есіл ауданының білім беру бөлімі» ММ «Жасөспірімдер шығармашылық үйі» КММ бірлесе отырып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысымен барлық салалар мен аудан, ауылдарды мейілінше кең қамту мақсатында өңірде арнайы іс-шаралар жоспары аясында 8-10 сынып оқушылары арасында«Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз» би флэш-мобы «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз» ұранымен би флэш-мобы өткізілді. Акцияға 25 оқушы қатысты: олардың арастарында Есіл қаласының №1,2,3, С.Серіков атындағы ОМ кәмелетке толмағандар істер бойынша есепте тұрған баралар.