2019 жылғы 13 тамыз күні Жасөспірімдер шығармашылық үйінің педагогтары «Қарлығаш» жазғы сауықтыру кешен базасында Есіл ауданының білім беру бөлімі ұйымдастырған жастар форумына қатысты. В.Т.Мамедов спорттық эстефета өткізді, аталмыш эстафетада жас көшбасшылар жеңіске деген жігерленген ерліктерін көрсетті. Үш жасақтың ішінен «Телепузики» командасы жеңіске жетті. «Музыкальная ромашка» вокалдық байқауында барлық қатысушылар өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды. Осы байқауда көптеген заманауи және де атақты әндер шырқалды. Жетекші А.Ж.Бердеғұлова байқау қатысушыларының заманауи рухын, ынта-ықыласын атап өтті. Бұл байқауда барлығы жеңімпаз атанды: көрермендер алдын алған рет өзінің орындаушылық қабілетін көрсеткендер мен көптеген әндерді еске алған командалар. Ең бастысы – балалар көтеріңкі көңіл күйде болды! Жасөспірімдер шығармашылық үйінің әдіскері Л.В. Сизова көшбасшыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, әрқашанда алдынғы қатарда болуға ықыласын білдірді.