2019 жылғы 23 ақпан күні «Рухани жаңғыру: жастар-болашақтың қуаты» бағдарламасы аясында аудандық Мәдениет үйінде «Comedy Freestyle-2019» аудандық Көңілді Тапқырлар Клубының фестивалі өтті. 2019 жылы Көңілді Тапқырлар Клубына 5 жыл толды. Осы 5 жыл ішінде жас ойыншылар жобада үлкен тәжірибе жинақтап, аудан көлемінде ғана емес, Ақмола облысы бойынша жақсы жетістіктерге жетті. Жарқын позитивті жоба оқушыларды мемлекеттің қоғамдық, мәдени, ұлттық өміріне белсене қатысып, сонымен қатар, өздеріне жолдас пен пікірлес дос табуға мүмкіндік береді.
Жобаның жүргізушісі мен аудандық лиганың үйлестірушісі – Руслан Дюсенов Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінен 7 команданы қысқы кезеңнің әзіл-ысқақ фестиваліне шығарды. Командалар өз тараптарынан үлкен намыспен байқау марафонынан өтті. Қорытынды бойынша 1 орын мен кубоктың иегері Есіл қаласының № 3 ОМ «Парламент» командасы атанды. 2 орынды Заречный ОМ «Пушка» командасы алса, екі үшінші орынды өзара Жасөспірімдер шығармашылық үйінің «Баста-паста» мен «Бермудский треугольник» командалары бөлісті. Фестиваль барысында жақсы ойын үшін Агротехникалық колледжінің «ИЗК», Орловка ОМ «12+», Жаныспай ОМ «Шаг вперед» командалары назардан тыс қалмады.
Аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен барлық командалар бағалы сыйлықтарға ие болды.