Бәлкім, арамызда биге бей-жай қарамайтын адамдар жоқ шығар? Би барлық адамзат қоғамдарының мәдени дәстүрлерінде бар. Ол мәдени дамуды бейнелей адамзаттың ұзақ тарихында өзгеріп отырды. Бидің көптеген түрлері, стильдері мен формалары бар.Ең бастысы, би барлығына қуаныш сыйлайды: би билегендерге және көрермендерге. Біз 2019 жылғы 27 ақпанында аудандық Мәдениет үйінде Жасөспңірімдер шығармашылық үйі ұйымдастырған «Променад шоу 2019» аудандық би сайысында тағы да көзіміз жетті.
Байқауға Есіл ауданының жалпы білім беру мектептерінің 24 ұжымы екі санат бойынша үш топтапта қатысты: халықтық және қазіргі заманғы би. Аудандық білім беру басқармасының қолдауымен жоба жетекшісі Поплавская Г.А. Қатысушылар би фестивалін жарқын костюмдермен, өзіндік бейнелермен, әдемі музыкамен және шығармашылық шабытпен безендірді!
Байқау қорытындысы бойынша «Халық биі» номинациясында: 1-орын – «Ласточки» ұжымы (№1 ОМ, кіші жас тобы), «Очарование» (№ 2 ОМ, орта жас тобы), «Ремикс» (Орловка ОМ, жоғарғы жас тобы). «Қазіргі заманғы би» номинациясы бойынша: 1-орын – «Скоморохи» ұжымы (№ 2 ОМ, кіші жас тобы), «Очарование» №2 ОМ (орта жас тобы), «Evolution» (Юбилейный ОМ, жоғарғы жас тобы).
Аудандық Мәдениет үйінің «Hard dancing» ұжымының жас бишілері ешкімнің назарын тыс қалдырмады. Олар 2-ші орынды иеленсе, С.Серіков атындағы ОМ «Ништяк» командасы да 2-ші орынды еншісіне салды. Би топтарының барлық жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Д.Хангишиева жоба жеңімпаздарына баға сыйлықтарды табыс етті.