18.02.2026
2026 жылдың 18 ақпанында Есіл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығында "Конституция және педагогикалық этика"тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара педагог қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, кәсіби этика қағидаттарын нығайту және білім беру ортасында конституциялық нормаларды сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына қосымша білім беру педагогтары, әдіскерлер, балалар шығармашылығы орталығы әкімшілігінің өкілдері және шақырылған мамандар қатысты. Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың Педагогтің кәсіби қызметіндегі маңыздылығын реттейтін негізгі ережелерін талқылады.