" />
15.12.2025
Есіл қаласының балалар‑жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Жастардауысы‑2025» атты инсценирленген әндер бойынша аудандық вокалдық байқауы өтті.
Байқауға Есіл ауданының 15 жалпы білім беретін мектебінен жас әншілер қатысты.
Дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін бұл байқау балалар шығармашылығы мен патриотизмді насихаттайтын жарқын алаңға айналды. Бұл күні Отан, еркіндік, бейбітшілік және ұлттық құндылықтар туралы әндер шырқалып, қатысушылар мен көрермендерге шабыт сыйлады.
Байқау қорытындысы бойынша:
Кіші жас санаты:
Гран‑при: Мұхаметхан Айсара (балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы);
1‑орын: Ломако Саида (Орловка ауылының мектебі);
2‑орын:
Сәлімгерей Адина (балалар шығармашылығы орталығы);
Тимошенко Милана (Ақсай ауылының мектебі);
3‑орын:
Жұмжұмин Жандос (Қовыльное ауылының мектебі);
Сатым Балнұр (Құмай ауылының мектебі);
Кожухова Амал (Есіл қаласының № 3 мектебі);
Байгенжин Мансур (Ақсай ауылының мектебі).
Орта жас санаты:
1‑орын: Хусбек Айару (Игілік ауылының мектебі);
2‑орын: Аюпова Айсара (балалар шығармашылығы орталығы);
3‑орын:
Жандосұлы Темірлан (Есіл қаласының № 3 мектебі);
Дранова Виктория (Юбилейное ауылының мектебі).
Үлкен жас санаты:
1‑орын: Қуатжан Аяулым (Есіл қаласының № 3 мектебі);
2‑орын: Дүйсенқызы Сабина (балалар шығармашылығы орталығы);
3‑орын: Таңат Мәдина (Құмай ауылының мектебі).
«Жастардауысы‑2025» байқауы Есіл ауданында ұлттық мәдениетті мақтанышпен дәріптеп, қазақстандық музыкалық өнердің үздік дәстүрлерін жалғастыра алатын талантты әрі мақсатшыл жас ұрпақ өсіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Мерекелік атмосфера, шынайы эмоциялар және балалардың дауыстарының қуаты бұл шараны нағыз жарқын оқиғаға айналдырды.
