22.10.2025
«Есильцы» («Есілдіктер») балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының командасы осы күздің ең жарқын оқиғаларының біріне айналған Көкшетау қаласында өткен КВН жастар лигасының фестиваліне қатысты.
Фестивальге өңірдің түкпір-түкпірінен 14 команда қатысты, олардың ішінде Бурабай және Есіл аудандарынан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысынан келген командалар бар. Іс-шара қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, шабыт пен керемет эмоциялар сыйлады!
Фестиваль қорытындысы бойынша «Есильцы» («Есілдіктер»)
ЖБШО-ның командасы аймақтың үздік әзіл-сықақ ұжымдары арасында екінші орынды иеленіп, Есіл ауданын абыроймен таныстырды!
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Есіл аудандық филиалының басшысы Дәулет Ақанұлы Жүсіпбековке және Есіл ауданының білім бөліміне қолдау көрсеткені, сапарды ұйымдастыруға көмектескені және сенім білдіргені үшін шын жүректен алғысын білдіреді! Сіздің назарыңыз бен жәрдеміңіздің арқасында біздің тәрбиеленушілер өз таланттарын көрсетіп, шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде жүзеге асыра алды.
Фестиваль жастардың, шығармашылық пен бірліктің нағыз мерекесіне айналды!
