«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының  балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества города Есиль отдела образовании по  Есильскому району управления образования Акмолинской области"

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің тату отбасым Отбасы

18.09.2025

Менің тату отбасым Отбасы — бұл әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Бұл отбасында біз бір-бірімізді сүюді, қамқорлықты, түсінуді және қолдауды үйренеміз. Қазақстандағы Отбасы күні-жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін ресми мереке. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылы құрылған және содан бері отбасылық құндылықтарды нығайтуға, отбасының қоғамдағы рөліне және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арналған маңызды күн болып табылады. Мереке құрметіне Есіл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында " Менің тату отбасым "атты аудандық фотобайқау ұйымдастырылды. Байқауға Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінен 40 –тан астам оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы екі 1- орынды анықтады: Байғалым Мадияр – Қаракөл ауылы ОШ және Павловская Ярослава – Бузулук ауылы ОШ., 2 - орын-Толыбай Әсем – ОШ Свободное а., Биндевальд Даниэль – ОШ Красивое а, 3 орын: Әлихан Аяжан-ОШ Орловка а., Байғалым Айзере-ОШ Қаракөл а., Ганн Юрий – ОШ С.Серікова

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст