Текст
2025 жылғы 23 наурызда Павлодар қаласында"Есильцы" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының командасы "Иртыш" КВН ресми лигасының фестиваліне қатысты. Бұл Есіл ауданының командасының Александр Васильевич Масляковтың Халықаралық КВН одағының турниріне алғашқы қатысуы. Ойын күні Естай Беркімбаев атындағы мәдениет үйінің қонақжай жұртшылығы "Есильцы" командасының өнерін жылы қарсы алды . Барлық дайындалған әзілдер күлкі, қошемет және шапалақтау түрінде жауап тапты. Ойын қорытындысы бойынша команда "Перспектива" арнайы номинациясына ие болды және "Иртыш" КВН ресми лигасының келесі кезеңіне шақыру алды! Фестивальдің үздік актері "Есильльцы" командасының қатысушысы және тәлімгері – Дюсенов Руслан Сағындықұлы болды.