«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының  балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества города Есиль отдела образовании по  Есильскому району управления образования Акмолинской области"

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Театрдың ғажайып әлемі

26.02.2025

2025 жылдың 25 ақпанында Есіл қаласының балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығында "Театр және балалар" республикалық жобасы аясында "Театрдың ғажайық әлемі" аудандық театр байқауы өтті. Бұл жоба өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық тұрғыдан түсінуге, сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен балалар мен жастар театр ұжымдарын анықтауға бірегей актерлік қабілеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Биылғы оқу жылында жас театр мамандары бірнеше номинациялар бойынша жарқын бейнелі кәсіби жұмыс ұсынды. Қазылар алқасы "драма театры" номинациясы бойынша "Кассиопея" театр ұжымының - Есіл қаласының №2 ЖББМ және Қаракөл ауылының ЖББМ "Конфетти" жұмысын жоғары бағалады. 2-ші орында - "Қасиет" театр ұжымы-Есіл қаласының №3 ЖББМ. 3-орын: "Театрлылар" - Юбилейное ауылы ЖББМ, "Шабыт"- Есіл қ. №3 ЖБМ, "Жалын"- Есіл қ. №3 ЖББМ. Белсенді қатысқаны үшін "Квартет" жас актерлері - Ковыльное А.ОШ," Затейник – Орловка А. ОШ марапатталды.

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст