2021 жылдың 26 наурызында Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен желілік фанфикшен-«Үздік кітап блогері» акциясы өткізілді.
Акция танымал түпнұсқа әдеби шығармаларға, кино туындыларына, комикстерге негізделген әуесқой шығармаларды танымал етуге арналды. Акцияға түпнұсқа туындылардың жанкүйерлері, Ақмола облысының оқушылары қатысты.
Акцияда көшбасшы болып Бұланды ауданы танылды. Макинск қаласының мектептері балалардың ерекше туындыларын ұсынып, ең көп «Класс!» және жазбалар жинады.
Акция көшбасшылары:
1-орын Темірқан Замира ( 15 жас, Бұланды ауданы Макинск қ. мектеп-гимназиясы «Бай әке, кедей әке» мақаласы, жазба.- 77; «Класс!»- 370)
2-орын – Максимова Виктория (15 жас, Бұланды ауданы Макинск қ. №2 ОМ «Піл және Моська» мақаласы, жазба- 33, «Класс!» -199)
3-орын – Уфимцева Анастасия (Бұланды ауданы Макинск қ. №2 ОМ, «Ромео мен Джульетта» мақаласы, жазба—8, «Класс!»- 59.
Макинск қаласы мектеп әкімшіліктерінің акциясына қатысып, жемісті жұмыстары үшін алғыс білдіреміз! Жарайсыздар, балалар! Құттықтаймыз!