«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының  балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»
Коммунальное государственное учреждение "Центр детско-юношеского творчества города Есиль отдела образовании по  Есильскому району управления образования Акмолинской области"

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КТК ойындарының аудандық жартылай финалы.

31.03.2021

Бір әйгілі дәйексөзде: «Әзіл бізге өмір сүруге және құрылыс жасауға көмектеседі!» деген екен. Шынында да, бұл сөздер барлық жерде шектеу шаралары мен шығармашылық еркіндігінің рухы қатаң карантиннің көлеңкесінде тұрған қиын кезеңде бұрынғыдан да маңызды болып тұр.

     2021 жылдың 19 наурызында ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Instagram желісінде КТК ойындары -2021 Есіл лигасының жартылай финалы өткізілді.

Бұл ойындарды өткізу үшін аудитория және ойыншы командалар үшін жаңа қызықты формат әзірленді.

2 бейне байқауда қала мен ауданның әзіл-сықақ топтары авторлық сценарийлер жазу, бейнежазбаны режиссерлеу және монтаждау саласында өздерінің таланттарын көрсетті. Күні бойы жүздеген адамдар жарқын, әзіл-сықақ ойындарды тамашалап, өздерінің сүйікті командаларын қолдауға арналған жазбаларымен белсенділік танытты. Желіге барлық ойындар шыққан соң өз жұмыстарына құрметті қазылар алқасы кірісті: Есіл лигасының чемпиондары Кузнецов Игорь, Марданова Рината және Степногорск қаласынан келген арнайы қонақ, тәлімгер, ұстаз – Кызыр Ануар. Барлық бағдарламаларды көріп болған соң қазылар алқасы бейнежолдау жариялап  қорытынды бағаларды атады.

Жартылай финалда белсенді қатысқаны үшін Дипломмен С.Серіков атындағы ОМ «Минор» командасы, Орловка ОМ «12+», Красивый ОМ «Красивинские перцы»  командалары марапатталды. Ойындар қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынға - №2 ОМ «Аррива», 2 орынға - Есіл қ. Жастар ресурстық орталығының «Потусторонние» командасы, және жүлделі 1 орынға 1 балл айырмашылығымен - Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «БаксПорш» командасы ие болды.

Құттықтаймыз! Жүлделі 3 орынды иеленген командалар үлкен финалға шақырылды, онда олар КТК-2021  Есіл лигасының чемпионы болу жүлдесіне таласады.

Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст