2021 жылдың 1 наурыз күні БЖШО-да қашықтан Алғыс айту күніне арналған «Тарих беттері» атты аудандық дөңгелек үстел өтті. Мерекенің басты идеясы - көпұлтты Қазақстанның ортақ тарихы негізінде бірлігін сақтау және дамыту, қазақтар мен барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға қолдау көрсетуінің арқасында басталған заманауи қиындықтарды еске түсіру.
Дөңгелек үстел бағдарламасында «Атамекен» өлкетану үйірмесінің жетекшісі - Г.С.Ахметбекованың және оның оқушылары сөз сөйлеуі болды. Содан соң аудан мектептерінен келген оқушылар сөз алып, еліміздің тарихи оқиғаларын талқылады. Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты. Бұл мереке қазақстандықтардың біртұтас халық ретінде жақындасуын көрсетіп, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясында негізделген құндылықтар жүйесін қалыптастырады деген оймен балалар дөңгелек үстел жұмысын қорытындылады.