Текст
1 наурызда Есіл қ. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған еске алу сабағы өткізілді, онда балаларға өздеріне жақсылық жасаған адамдардың атын атауға мүмкіндік берілді. Балаларды БЖШО директоры Д.К. Альжанова құттықтап, мықты денсаулық, айналасындағы жақын адамдарының қамқоры мен мейіріміне бөлене берулерін тіледі. Аталған іс-шарада балалар экраннан «Алғыс күні» мерекесінің шығу тарихымен танысып, елімізде оны қалай атап өтетінін көрді. Іс-шара барысында қайырымдылық акциясы жүргізілді: БЖШО ұжымы атынан балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.