Текст
2020 жылдың желтоқсан айында «ISTAMBUL- TUROUOISE» Халықаралық музыка
және би онлайн-байқауы өтті. Байқауға Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының Поплавская Гулишат Алиасхабовна жетекшілік ететін би ұжымдары қатысты. Онлайн байқауға алыс және жақын шет елдерден 100 ден астам би ұжымдары қатысқан. Пандемияға байланысты шектеулі шаралар мен қатаң жағдайларға қарамастан, жас бишілер өздерінің шығармашылық қабілеттерін барынша көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша «Бибірайлым» би ұжымы жоғары жас санатында 1 орынға ие болды! Сондай-ақ, орта топ бишілері де 2 дәрежелі Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!